Ұстаз. Қаламгер. Азамат

2021 жылдың 11 маусымы Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ақпараттық-библиографиялық бөлімінің жанынан құрылған «Алтын Арқа» ақпараттық-ағартушылық орталығының 27-ші отырысы белгілі журналист Әміров Хәкімтай Қасымұлына арналды. Балжан Хабдинаның «Ұстаз. Қаламгер. Азамат» журналисттің 90 жылдық мерейтойына арналды.
Кітапта оның серіктестерінің көрнекті тұлға туралы естеліктері жинақталған және журналистің шығармашылық жолы туралы баяндалған.
Кеш модераторы орталықтың төрағасы, «Көкшетау» газетінің бас редакторы, Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі Жетпісқалиев Серік Сапарұлы. «Ұстаз. Қаламгер. Азамат» кітабымен библиограф Шарипова Баршагүл Далабайқызы таныстырды. Ол кітаптың әр бөлімдеріне тоқталды. Кешке жазушы-драматург, Қазақстаның енбек сіңірген қайраткері, Сенаторлар кеңесінің мүшесі, Көкшетау қаласының құрметті азаматы Жабал Ерғалиев, Қазақстаның құрметті журналисі, еңбек ардагері Сайлау Көшкенұлы, Алматы қаласынан баспа және полиграфия ісінің қайраткері Хабдина Балжан, Балталы Сәрсенбай және де Хәкімтай Әміровтың туысқандары қатысты. Кеш барысында қонақтардың назарына «Ұстаз. Қаламгер. Азамат» атты бейнеролик ұсынылды. Әміров Еркебұлан Хәкімтайұлы М.Жұмабаев атындағы АОӘҒК-ның қорына 3 кітап сыйлады.
Қатысушылар: Зиялы қауым өкілдері, туысқандары және балалары.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *