«Тіл үйрену – жаңа әлемнің есігін ашу» – қытай нақыл сөзі.
7 желтоқсан «Happy English» ағылшын клубының отырысы өтті.
Кез-келген тілді үйренуді саяхатпен салыстыра аламыз, себебі, біз тек қана жаңа білім көздерін ашып, жаңа мәдениет пен салт-дәстүрлермен танысып қана қоймай, сондай-ақ, өзімізге жақын, мақсаты бір жаңа адамдарды таба аламыз.
Отырысымыз бейнематериал мен әндерді қолдану арқылы ойын түрінде өткізілді. Қолданылған ақпарат көздері сөйлеу құрылымдарын практикалық түрде жаттықтыруға және балалардың шығармашылық әлеуетін дамытуға жағдай жасайды.
Отырыс кезіндегі жылулыққа толы достық көңіл-күйі балаларға шет тілін қорықпай үйренуге мүмкіндік береді.




