6 қараша күні Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы мектеп оқушыларына «Отан қорғау — қасиетті борыш» атты әскери-патриоттық ойындар өткізді. Іс-шараның мақсаты – жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік сезімін қалыптастыру, әскери борыш пен ел қорғау ұғымдарының маңыздылығын ұғындыру.
Шара барысында оқушылар логикалық тапсырмалар мен топтық жарыстарға қатысты. Ойындар балалардың шапшаңдығын, ұйымшылдығын және жауапкершілігін арттыруға бағытталды.





