Сауалнама нәтижелері «Облыстың кітапхана қызметкерлерін кәсіби оқытуды ұйымдастыру»

2020 жылдың ақпан айында М.Жұмабаев атындағы АОӘҒК кітапханаларды дамыту дамыту бөлімінде кітапханашылардың кәсіби дайындық деңгейін және олардың кәсіби деңгейін арттыру мүмкіндігін зерттеу мақсатында М.Жұмабаев атындағы АОӘҒК базасында зерттеу жүргізілді.  

Сауалнама облыстың барлық 19 ОКЖ-ға  жіберілді. Нәтижесінде сауалнамаға Целиноград, Аршалы, Бұланды ОКЖ-ның кітапханашылары қатысты.

Сауалнама қорытындысы бойынша мамандардың 69% «жұмыс орнында өзін сенімді сезінеді». Тек 38% «кітапханалық біліктілігін арттыруға ниетті». Барлық сұралғандар «жеке кәсіби және шығармашылық әлеуеті кітапханада үлкен сұранысқа ие» деп есептейді.

Респонденттердің 50% кітапханадағы кез-келген жаңалықтардың «жиі», ал 50% ғана «кейде» бастамашысы болады.

Кітапханалардың жобалық қызметіне келетін болсақ, кітапханашылардың 69% «ең жас оқырмандарды тартуға бағытталған жобаларды» іске асырғысы келеді, 31%  «отбасылық оқу дәстүрлерін жаңғырту жобасында» жұмыс істегігілері келеді. Басқа нұсқалардың арасында «мүмкіндігі шектеулі жандарды оқуға тартуға» бағытталған жобаны жасау туралы жауап болды.

«Сіз конференцияларда, семинарларда, кездесулерде қаншалықты жиі сөйлейсіз» деген сұраққа 75% «сирек» 12% «өте жиі» және «жиі» деп жауап берді.

Сұралғандардың 40% «жергілікті баспасөз беттерінде жарияланады». Кәсіби баспасөзде тек 6% жарияланады .

Кітапханашылардың 75%  «кәсіби ағымға» сүйенеді», 6% «сирек».

Респонденттердің көпшілігі «біліктілігін арттыруға мүдделі және тек 1 – «немқұрайды».

ОАК,   ОҚК  кітапханашыларының  44% үшін біліктілікті арттырудың негізгі орны болып табылады. Басқа нұсқалар арасында мынадай жауаптар болды: «Өз білімін жетілдіру». «Нұр сұлтан қаласындағы ҚР ҰАК базасында семинарларға, тренингтерге, оқу конгрестеріне қатысу», «Ш.Уәлиханов атындағы КМУ-де біліктілігін артыру курсы

«Кітапханашылардың үздіксіз білім алу қажеттілігін сіз қалай бағалайсыз» деген сұраққа 81%  «үнемі оқу керек» деп жауап берсе, қалған 12% бұны қажет деп санамайды.

Респонденттер біліктілікті арттырудың ең тиімді түрлерін атады:

  • Тәжірибе алмасу бойынша басқа өңірлерге шығу -75%
  • Біліктілікті арттыру курстары-44%
  • Аудандық, қалалық семинарлар-44%
  • Практикалық сабақтар-44%
  • Тренингтер-25%
  • Іскерлік ойындар-19%
  • Ғылыми практикалық конференциялар -13%

Сауалнама барысында бізді қызықтырған маңызды сұрақтардың бірі – «Әдістемелік көмек қай бағыттарда қажет». Сауалнамаларды талдау маңызды тақырыптарды ашты:

  • Жұмыстың жаңа түрлері
  • Құқықтық, патриоттық тәрбие
  • Экологиялық тәрбие
  • Ақпараттық қызмет көрсету
  • Анықтамалық-библиографиялық жұмыс
  • Қорлар мен каталогтарды ұйымдастыру
  • Бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыру
  • Кітапханалардың өлкетану қызметі
  • Кітапханаларды автоматтандыру
  • Қызметтерді стандарттау және олардың Кітапхана ісі саласындағы сапасын арттыру
  • Қызмет көрсетуді ұйымдастыру
  • Тұрғындардың бос уақытын ұйымдастыру

Респонденттерге  біліктілікті арттыру жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстар айтылды:

  • «Жылына бір рет облыстың үздік кітапханаларының базасында аймақтық семинар-практикум өткізу»,
  • «онлайн оқыту»
  • «Біліктілігін арттыру курстары кітапханашылардың белгілі бір санаттары үшін білімі мен жұмыс тәжірибесін ескере отырып, сертификат бере отырып, 5 күн мерзімінде өткізілуі керек»

Біздің респондент 21 ғасырдың кітапханашысын қалай көреді?

Жауаптарға сүйенсек, жаңа технологияларды игеру бірінші кезекте емес, коммуникативті дағдылар, жоғары рухани мәдениет, кең көзқарас сияқты қасиеттер басымдыққа ие болып келеді, сонымен қатар стильді және әдемі болу керек.

Сауалнамаға ауылдық кітапханалардың кітапханашылары, қызмет көрсету бөлімінің қызметкерлері және ОАК библиографтары қатысты.

Сауалнама жүргізушілердің кітапханалық өтілі:

  • 5 жылға дейін-17%
  • 5-10 жыл -28%
  • 10-30 жыл – 46%
  • 30 жылдан жоғары 9%

Сауалнама нәтижелері М .Жұмабаев атындағы АОӘҒК базасында біліктілікті арттыру курстарын жоспарлауды ұйымдастыру кезінде ескерілетін болады.

 

Құрастырушы: М. Жұмабаев атындағы АОӘҒК сектор басшысы –  Л. Никитина