2019 жылғы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ақпарат

Бүгінгі күні  қоғамдағы жегі құрттың біріне айналған сыбайлас жемқорлық мемлекеттік қызметкерлердің өзінің лауазымдық өкілеттері мен мүмкіндіктерін жеке бас немесе топтық мүдде үшін пайдалануын білдіреді. «Коррупция» ұғымы тіпті сонау римдіктер дәуірінде –ақ пайда болған және ол «бүлдіру, зиян келтіру» дегенді білдіреді. Қазақстан өзінің егемендігін жариялаған жылдардан бастап қоғамдағы осы бір қауіпті құбылыспен күресуге баса назар аударып келеді. Бұл бағытта қаншама заңнамалық актілер қабылданды. Сыбайлас жемқорлық орасан зор экономикалық және әлеуметтік зардаптарға соқтыру мүмкін. Жемқорлық қоғамның дамуына, оның демократиялық, моральдық-этикалық негіздеріне нұқсан келтіретін аса қауіпті құбылыс. Сыбайлас жемқорлық жаңа ғасырда да әлемнің көптеген мемлекеттерін мазалап отырған елеулі мәселелердің бірі болып қалуда.  Осыған байланысты М. Жұмабаев атындағы  АОӘҒК-ң  мерзімді басылымдар бөлімі екі тілде «Коррупция – мемлекет қауіпсіздігіне қатер. Коррупция – препятствие к развитию»  атты көрме ұйымдастырылды. Көрмеге «Казахстанская правда», «Юридическая газета», «Заң газеті», «Заң», «Заң және заман», «Фемида»,  «Правовая реформа»  сынды газет журналдар бетерінде жарияланған  мақалалар  алынып,  оқырмандар назарына ұсынылды.

2019 жылғы 29  мамыр күні М. Жұмабаев атындағы АОӘҒК-ның  көпшілік іс-шаралар бөлімінің ұйымдастыруымен сыбайлас жемқорлықпен күрес бойынша «Жеті жұттың бірі -жемқорлық» атты өзекті диалог болып өтті. Іс-шараға  арнайы ҚР мемлекеттік қызметінің істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінен мамандар шақырылды. Сыбайлас жемқорлықпен күрес бүгінгі күн талабы болып отыр. Осы орайда облыстық кітапханада жыл бойы көптеген  іс-шаралар ұйымдастырылады. Шара барысында кітапхана қызметкерлері сұрақтарын қойып, сыбайлас жемқорлықтың Ақмола облысы бойынша ахуалы туралы ақпарат алды. Мамандар сыйбайлас жемқорлық алдын-алу бойынша қандай жұмыстар жүргізіліп келетінін тілге тиек етті. Қатысушылар саны-80.