«Қадірі артқан – Қадыр» атты әдеби қонақжай

2020 жылдың 23 қаңтары күні М.Жұмабаев атындағы АОӘҒК-да дарабоз дарынды ақын, қарымды қаламгер, қазақ ұлтының мақтанышы Қадыр Мырза Әлінің туғанына 85 жыл толуына орай «Қадірі артқан – Қадыр» атты әдеби қонақжай өтті. Кеш барысында ақынның өмірі мен шығармашылық жолы сөз болды. Ақынның шығарған кітаптары көпшілікке тағы бір мәрте ұсынылып, ұтқыр ойлары, жалынды жырлары, афоризмдері жатқа айтылған болатын. Сонымен қатар, Қадыр Мырза Әлінің  шығармашылығын насихаттау мақсатында мектеп оқушылары мен қала студенттері бірлесе отырып ақынның өлеңдеріне жазылған әндерін орындады. Кешке қала қонақтары, зиялы қауым және оқырмандар қатысты. Көкшетау қаласының жас ақындары Қадыр ақынға арналған өлеңдерімен жұртшылықты қуантқан болатын. Қасиетті сөздің қадірін білген қаламгерді оқырман осылай еске алып, құрметтеді.

 

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *