2023 жылдың 17 қарашасында Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында Мәдениет және өнер қызметкерлері мен ұйымдары қызметкерлерінің «Рухани қазына-2023» республикалық фестиваліне қатысушыларды анықтайтын облыстық байқауы өтті.

Облыстық байқауға онлайн режимде орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің 14 кітапханасы қатысып, бес номинация бойынша соңғы үш жылдағы жетістіктерін көрсетті: «Аудандық (қалалық) маңызы бар үздік кітапхана», «Үздік ауылдық маңызы бар кітапхана», «Үздік балалар мен жасөспірімдер кітапханасы», «Аудандық (қалалық) маңызы бар үздік кітапхана қызметкері», «Ауылдық маңызы бар үздік кітапхана қызметкері».

Байқауға қатысқан барлық кітапханалар бейнероликтер, презентациялар және қажетті құжаттар пакетін ұсынды. Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының директоры Қуаныш Оспановтың жетекшілігімен қазылар алқасы келесі номинациялар бойынша жеңімпаздарды анықтады:

1 «Аудандық (қалалық) маңызы бар үздік кітапхана» номинациясы бойынша: – Есіл ауданының аудандық үлгілі орталық кітапханасы танылды.

  1. «Үздік ауылдық кітапхана» номинациясы бойынша: Бурабай ОКЖ-не қарасты Бурабай ауылының үлгілі ауылдық кітапханасы танылды.
  2. «Үздік балалар мен жасөспірімдер кітапханасы» номинациясы бойынша: Степногорск орталық кітапханасының үлгілі балалар кітапханасы танылды
  3. «Аудандық (қалалық) маңызы бар үздік кітапхана қызметкері» номинациясы бойынша:

Жақсы аудандық орталық кітапханасының кітапханашысы Чебарзиева Аза Шамсудиновна таңдалды.

  1. «Үздік ауылдық кітапхана қызметкері» номинациясы бойынша: Худжанова Жадыра Сабырқызы – Ерейментау аудандық орталық кітапханасының кітапханашысы үздік деп танылды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *