2023 жылдың 29 қарашасында Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен әдебиет және өнер музейінде қазақ халқының бағына туған хан әрі даңқты қолбасшы Абылай ханның 310 жылдығына орай «Қазақтың қас батыры, бас ханы – Абылай» атты тарихи кеш өтті.
Жас ұрпақты ұлтжандылыққа тәрбиелеу, олардың бойындағы патриоттық сезімді жаңғырту мақсатында өткен іс-шараға «Арна» колледжінің студенттері қатысып, тарихтан сыр шертті. Студенттер Абылай хан жайлы білетіндерін ортаға салып, қызу әңгімемен қызықты ой қорытты. Сол замандағы ақын-жыраулардың ханға арнаған арнаулары да оқылды. Алты Алаштың айбыны болған Абылай хан туралы тарихи кеш тартымды өтті.