1 наурыз – Алғыс айту күні

Бүгін, көктемнің алғашқы күні, еліміздің барлық тұрғындары бір-біріне «Рахмет» сөзін айтып, естіп жүр. Алғыс айту күні 2016 жылдан бастап, жыл сайын көктемнің бірінші күні тойланып жүр.

Осындай мейрамға орай №2 ОМ-тің 11 сынып оқушыларымен «1 наурыз – Алғыс айту күні. 1 марта – День благодарности.» тақырыбындағы кездесуі өтті. Кездесуде балалар бұл мерекені, оның тарихын, шығу тегі мен дәстүрін талқылады. Оқушылар видео-сұхбатқа да қатысып, әртүрлі сұрақтарға жауап беріп, және өздері бұл мерекені қалай атап өтетіні жайлы да әңгімелесті.

Шетел тілдеріндегі әдебиеттер бөлімі барлық қазақстандықтарды осындай маңызды мерекемен құттықтап, баршамызға амандық, өзара келісушілік пен өркендеуді тілейді!

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *