Ержан Қайыргелдіұлы Жақанов

Елордада бастау алған пара-үстел теннисінен Қазақстанда алғаш рет Astana Para Open 2024 халықаралық турнирі өтті. Астанаға осы спорт түрінің үздік ойыншылары, көшбасшылары – әлемнің 19 елінен 150-ден астам адам келді. Олардың арасында әлем, Азия және Еуропа Паралимпиада  жеңімпаздары мен жүлдегерлері қатысты. Қазақстан 52-ге жуық спортшыны ұсынды. Турнирге Ақмола облысының атынан қатысқан спортшы Ержан Қайыргелдіұлы Жақанов белсене қатысып, аралас санатта үшінші орын алды.

Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ұжымы әріптесін өткен ойындардағы жоғары нәтижелерімен құттықтайды. Сіздің жеңісті өнеріңіз адамның шексіз қабілетін көрсетті. Сіз шеберліктің, батылдықтың және, әрине, табандылықтың үлгісі болып табыласыз, онсыз жоғары спорттық көрсеткіштерге қол жеткізу мүмкін емес.