Мұратбек Мильятұлы Әлімбаев

2024 жылдың 7 мамырында Ақкөл аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» ММ-нің директоры Мұратбек Мильятұлы Әлімбаев кенеттен қайтыс болды.
Көпшілік білетін, жақсы көретін, құрметтейтін тамаша адам өмірден озды.
Мұратбек Мильятұлы 1966 жылы 20 желтоқсанда Астана қаласында дүниеге келген. Орта мектепті бітірген соң Целиноград педагогикалық институтының шет тілдері факультетіне оқуға түседі. 1985-1987 жылдар аралығында әскери борышын өтеген. Еңбек жолын 1991 жылы Вишневка ауданы, Родников бастауыш орта мектебінің директоры болып бастады. Одан кейін Ақкөл ауданындағы №3, №4 орта мектептерде қызмет етті.
2006-2007 жылдар аралығында Ақкөл қаласы әкімінің орынбасары, бұдан басқа «Ақмола тәжірибе зауыты» ЖШС өндірістік кәсіпорнында, «Шилка» ЖШС директорының орынбасары қызметтерін атқарды. 2016-2021 жылдары «Ақкөл Горкомхоз» ШЖҚ МКК директорының міндетін атқарды.
2021 жылдың 9 қыркүйегінен бастап Ақкөл ауданы «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» мемлекеттік мекемесінің директоры болып тағайындалды. Сонымен қатар Ақкөл аудандық мәслихатының депутаты да болған.
Мұратбек Мильятұлы саналы, жауапты, адамгершілігі мол, ақкөңіл, сезімтал басшы болды. Ол әріптестері мен достарының жадында осындай тамаша адам болып қалады.
Мұратбек Мильятұлының есімі онымен араласып, бірге жұмыс істеген әрбір адамның жүрегінде мәңгі сақталады.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *