Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының қызметкерлері «Кемел бала» дамыту орталығының балаларына 6 шілде – Елорда күніне арналған «Жаса, жайна ару қалам – Астанам» атты ақпараттық сағат өткізді. Іс-шара барысында балаларға еліміздің бас қаласы – Астана туралы ақпарат берілді. Сонымен қатар Астананың көрікті жерлеріне арналған «Астанаға саяхат» атты бейнефильмді тамашалады.