Мағира Қожахметова

Зеренді ауданының тумасы, жерлесіміз қазақ жазушысы, публицист, журналист, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері жазушы Мағира Қожахметова 79 жасқа толып отыр. Осыған орай М. Жұмабаев атындағы Ақмола Облыстық Әмбебап Ғылыми кітапханасының Ақпараттық – библиографиялық бөлімнің қызметкерлері №17 мектеп гимназиясының 8 және 9 қазақ сыныбының оқушыларына ақпараттық сағатын өткізді. Мағира Қожахметова Зеренді ауданының Қошқарбай ауылында дүниеге келген. Әкесі Дәулетбек үлкен жүректі ұстаз, мықты математик сонымен қатар ақындығы, әдебиетке жақындығы болған. Туған нағашы атасы Нұрмұхамбет те ит жүгіртіп, құс баптаған, домбыра тартып ән салған. Іс шара барысында кітапханашы жазушының өмірбаянымен таныстырып, «Күннің алтын сынығы», «Адам құпия», Жантәсілім», «Жападан – жалғыз», «Әлем-әуен», «Менің шашылған энциклопедиям» атты шығармаларына мерзімді баслымдарда жаряланған мақалаларға шолу өткізді. Оқушылар автордың «Күй-кісен» атты повесімен таныс болды.

Бұл шығармада кейіпкерелердің тағдыры сана-сезімінің терең иірімдері уақыт – адам – табиғат жүйесінің өзара қабысып, қабыспаған қайшылықтары арқылы айқындалып, тебіренсіпен суреттеледі. Шығармадағы басты кейіпкер Ая есімді мылқау қыздың тағдыры туралы баяндалады. Тағдыры ешкімге ұқсамайтын Аяның жай күйі, ішкі жан дүниесі оқырманға үлкен ой салады. Оқушылар зер сала тыңдап, шығармадан түйген ойларымен бөлісті. Іс-шара өте әсерлі, қызықты өтті. Осы шығармадан мол ғибрат алды.