26 ақпанда Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының қызметкері Көкшетау «Арна» колледжінде атақты шығыс ғалымы, философ, музыкатану теоретигі, математик Әбу Насыр әл-Фарабидің 1155 жылдығына арнап «Әл-Фарабидің ғылымға қосқан үлесі» атты дөңгелек үстел өткізді.
Әбу Насыр әл-Фарабидің ғылымға қосқан үлесі күллі ғаламды мойындатып, атын тарихқа алтын әріппен жазған тұлға. Оның түрлі бағытта жазған еңбектері адамның ой-санасының кемелденуіне, жанының тыныш табуына таптырмас құндылық.
Іс-шара Әбу Насыр әл-Фарабидің 1155 жылдығын атап өтуге ат салысу, оның еңбектерін жастарға насихаттау мақсатында ұйымдастырылды.
Дөңгелек үстелге қатысқан студенттерге ғалым жайлы мәлімет берілді. Студенттер де әл- Фараби жайлы білгендерімен бөлісіп, ойларын еркін жеткізді. Мұхтар Шахановтың «Арман» атты поэмасысы оқылып, ондағы ғалымның ғылымға деген талпынысы мен құштарлығы ерекше айтылды.