27 ақпан күні Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының өнер әдебиеттер бөлімі Мүсінші, Қазақстанның халық суретшісі Еркін Мергеновтың 85 жылдығына арналған “Суреттер сыр шертеді” танымдық ақпарат ұсынады. Қазақстанның бейнелеу өнерінің тұтас бір дәуірі Еркін Мергеновтың есімімен байланысты. Еркін Тілекұлының шығармашылығы-Орталық Азияның өнер кеңістігіндегі бірегей құбылыс. Суретшінің жеке көрмелері Қазақстаннан бөлек, Ресей, Украина, Латвия, Қырғыз Республикасы, Венгрия және Германия елдерінде өткен.