18 сәуір күні Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы қаламыздың мектеп оқушылары үшін «Қазақ әдебиетінің асқақ шыңы-Сәбит Мұқанов» атты BIBLIO performance өткізді. Оқушыларға Сәбит Мұқановтың өмірі мен шығармашылығы бойынша ақпарат берілді. Кітапхана қорында бар кітаптар таныстырылды.
С.Мұқанов қазақ әдебиетін дамытуда, жас жазушыларды тәрбиелеуде, Абай, Шоқан, Жамбыл сияқты тұлғалардың мұрасын зерттеуде үлкен еңбек сіңірді.