Кітап. Тарих. Шежіре

21 сәуір Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында Ұлттық кітап күніне арналған «Кітап.Тарих. Шежіре» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге негізгі қорды сақтау бөліміндегі сирек және құнды басылымдар қойылды. Олардың ішінде мешіттен кітапханаға сыйға берілген құрандар, қазақ тарихы, шежірелер бар. Кішкенттай форматтағы кітаптар мен үлкен форматтағы Мұхит-Ардагер Сыдықназаровтың «Қазақстанның үзіліссіз мемлекеттілігі тарих толқынында» кітабына оқырмандар қызығушылықпен қарады. Бұл кітап Қазақ мемлекеті көрсетілген және айқындалған еуропалық және америкалық ғалымдардың, картографтардың, географтардың, дипломаттардың 16-19 ғасырлардағы 130 картасын ұсынады.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *