Қазақстан – достық мекені

М. Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының оқырмандарға қызмет көрсету бөлімі Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы аясында «Қазақстан-достық мекені!» атты тақырыптық сағат өткізді. Оқушыларға Қазақстан халқы Ассамблеясының рөлі және елімізде бейбітшілік пен тыныштықты сақтауымыз керек екендігі туралы айтылды. Біздің республикада тұратын этностарға, олардың әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлеріне, ортақ мерекелеріне көп көңіл бөлінді. Іс-шара мақсаты: жас ұрпаққа бейбітшіліктің басты және берік іргетасы, Отанымыздың берекелі жерінде өмір сүретін барлық этностардың келісімі мен достығы-бұл үлкен құндылық және оны қорғау керек екенін жеткізу. Бұл іс-шарада Ассамблеяның маңыздылығы туралы деректі фильм көрсетіліп, ең белсенді оқушылармен өлең оқылып, сыныптағы этностар туралы блиц-сауалнама жүргізілді. Іс-шара фотосессиямен аяқталды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *