Рухани қазына – 2025

Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат Министрлігінің Мәдениет комитетінің 2025 жылғы 29 қаңтардағы №8-НҚ бұйрығымен бекітілген «Рухани қазына – 2025» мәдениет және өнер ұйымдар мен қызметкерлерінің республикалық фестивалін өткізудің Ережесіне сәйкес Ақмола облысы мемлекеттік кітапханалар жүйесі арасында «Рухани қазына – 2025» өңірлік фестиваль төмендегі номинациялар бойынша өтті.
Мемлекеттік кітапханалар жүйесі арасында:
• «Үздік облыстық маңызы бар кітапхана»;
• «Үздік аудандық (қалалық) маңызы бар кітапхана»;
• «Үздік ауылдық маңызы бар кітапхана»;
• «Балалар, жасөспірімдер немесе балалар және жасөспірімдерге арналған үздік кітапхана»;
• «Айрықша қажеттілігі бар азаматтарға арналған үздік кітапхана».
Мемлекеттік кітапханалар жүйесінің қызметкерлері арасында:
• «Облыстық маңызы бар кітапхананың үздік қызметкері»;
• «Аудандық (қалалық) маңызы бар кітапхананың үздік қызметкері»;
• «Ауылдық маңызы бар кітапхананың үздік қызметкері»;
• «Айрықша қажеттілігі бар азаматтарға арналған кітапхананың үздік қызметкері».
Фестивальге М.Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы, Ақкөл, Аршалы, Атбасар, Бурабай, Біржан сал, Бұланды, Ерейментау, Есіл, Жақсы, Целиноград аудандары және Көкшетау, Степногорск, Қосшы қалалық кітапханалар жүйесі қатысты.
Фестиваль қорытындысы бойынша үздіктер анықталып, республикалық фестивальге өткен жеңімпаздар:
• «Үздік аудандық (қалалық) маңызы бар кітапхана» номинациясы бойынша- Қосшы ОКЖ;
• «Үздік аудандық (қалалық) маңызы бар кітапхана» номинациясы бойынша- Есіл ОКЖ;
• «Үздік ауылдық маңызы бар кітапхана» номинациясы бойынша- Степногорск ОКЖ Қарабұлақ ауылдық модельді кітапхана.
• Облыстық маңызы бар кітапхананың үздік қызметкері» номинациясы бойынша- Аубакирова Жадыра Мынжасарқызы;
• «Қалалық маңызы бар кітапхананың үздік қызметкері» номинациясы бойынша- Көкшетау ҚАКЖ Қыстаубаев Нұрлан Олжабайұлы;
• «Аудандық маңызы бар кітапхананың үздік қызметкері» номинациясы бойынша- Жақсы ОКЖ Досымова Жұмагүл Саметқызы;
• «Ауылдық маңызы бар кітапхананың үздік қызметкері» номинациясы бойынша- Атбасар ОКЖ Бастау ауылдық модельді кітапханасының кітапханашысы Есенбаева Махаббат Жамбурбайқызы.
Қатысушыларға алдағы уақытта өтетін Республикалық фестивальде сәттілік тілейміз!

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *