Достық пен бірлік күні

13 мамыр М. Жұмабаев атындағы АОӘҒК-да Қазақстан халқы ассамблеясының 30 жылдығына арналған «Достық пен бірлік күні» атты дөңгелек үстел өтті.
Іс-шара қонақтары: татар, неміс, шешен-ингуш, чуваш және еврей халықтарының этномәдени орталықтары.
Дөңгелек үстел барысында Ассамблеяның құрылу тарихы, оның елдегі саяси және әлеуметтік үдерістерге әсері туралы пікір алмастық.
Іс-шарада ұлтаралық келісім мен әртүрлі мәдениеттер мен діндер арасындағы құрметті дамытуға қатысты маңызды мәселелер талқыланды.
Мұндай басқосулар тек тарихи маңызға ғана емес, ұлттық келісім мен бірлікті сақтау жолында келешекте маңызды шаралар қабылдауға тұғыр болатын мәнге де ие.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *