«Ақмолалық батыр қыздар»

Дүниені дүр сілкіндірген соғыс жер бетінде орасан дақ, халықта жарасы жазылмайтын қайғы болып қалғаны ақиқат.

Ардагерлер, соғысқа қатысқан жауынгерлер, батыр қыздар, фашизмге қарсы қайтпас қайсарлықпен күресе білді және жеңді. Жарқын әрі бейбіт күндерді сыйлаған ардагерлерді бүгінгі ұрпақ ұмытпауы керек. Өйткені солардың өшпес ерліктері біздің азат елдің ұрпағы болып қалуымызға мүмкіндік берді. Сол себепті де майдангерлер туралы айтылған естеліктерді тыңдай жүріп, оларға әрқашан тағзым ету, құрметтеу – біздің парызымыз.

Ақпараттық-библиографиялық бөлім Ұлы жеңістің 80 жылдығына арналған  «Ақмолалық батыр қыздар»  атты телебиенналиі шығарылымын әлеуметтік желі оқырмандарына ұсынады.