1 тамыз күні Абай күніне және ұлы ақынның 180 жылдығына арналған онкүндіктің ашылуы өтті. Осы күні ҚР Ұлттық Банкінің Ақмола филиалы қызметкерлері үшін кітапхана және оның залдары бойынша мазмұнды экскурсия ұйымдастырылды. Келген қонақтарға кітапхананың қызметтері туралы жан-жақты ақпарат берілді. Сонымен қатар, «Абай әлемі» атты кітап көрмесі таныстырылды. Көрмеде Абай Құнанбайұлының өлеңдері мен өзектілігін жоғалтпаған «Қара сөздері» ұсынылды, сондай-ақ ақынның өмір жолына қатысты материалдар қойылды.
Сәкен сері Жүнісов атындағы мәжіліс залында Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығына арналған мазмұнды іс-шарамен жалғасты. Банк қызметкерлері Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы туралы білімдерін едәуір толықтырды.