8 тамыз күні Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы ұлы ойшыл, ақын, қоғам қайраткері Абай Құнанбайұлының туған күніне арнап Көкшетау қалалық әлеуметтік бейімделу орталығында «Абай мұрасы – халық қазынасы» атты ақпараттық сағат өткізді. Орталық қызметкерлері үшін ақынның өмірі, шығармашылығы бойынша ақпарат берілді. Кітапхана қорында бар кітаптарға шолу жасалды.