Эрнест Сетон-Томпсон

Эрнест Сетон-Томпсон – канадалық белгілі жазушы, ақын, қоғам қайраткері. Тура 165 жыл бұрын болашақ қалам иесі дүниеге келді.
Сетон-Томпсонның алғашқы әдеби шығармасы «Жизнь лугового тетерева» 1883 жылы жарық көрді. Жазушы өзінің әңгімелері мен романдарына суреттерді өз қолымен шебер салып, бұл сызбалары мәнерлілігімен ерекшеленеді. Қала өмірінің жанкүйері болмағандықтан, Эрнест ұзақ уақыт бойы ормандар мен далаларда өмір сүрді деген пікір де бар.
Сетон-Томпсон жануарлар туралы шығармалардың әдеби жанрының негізін салушылардың бірі болды. Жазушы жалпы 40-қа жуық кітап жазды, ал олардың көбі негізінен жабайы жануарлардың өмірі туралы болды. Сондай-ақ, үндістер мен эскимостардың тұрмысы мен фольклоры жайлы да бірнеше кітапты жарыққа шығарды.
Шетел тілдеріндегі әдебиеттер бөлімі қаламгердің 165 жылдығына орай «Эрнест Сетон-Томпсонның табиғат әлемі. Мир природы Эрнеста Сетон-Томпсона. The Natural World of Ernest Seton-Thompson» атты медиавояжды дайындады.