Мейірімге толы өмір

15 тамызда Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Мейірімге толы өмір» атты отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылық пен балаларға қатыгездікпен қарауға қарсы ақпараттық сағат өткізілді. Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылық – денсаулыққа қасақана зиян келтіру, психологиялық, сексуалдық және/немесе экономикалық зорлық-зомбылық жасау отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында жүзеге асатын әрекет ретінде айқындалған. 2023 жылғы 1 шілдеден бастап елімізде тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты жауапкершілік күшейтілді: полиция құқық бұзушылықтарды тек арыз бойынша ғана емес, өздігінен анықтау тәртібіне көшті, сотта тараптардың қайтадан татуласу мүмкіндігі алынып тасталды, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік күшейтілді. Шара қонақтары зорлық-зомбылық түрлері және оларды шешу жолдары туралы ақпарат алды.