1995 жылдың 30 тамызында бүкілхалықтық референдум нәтижесінде қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясына биыл 30 жыл толып отыр. Елдің басты құқықтық құжаты тәуелсіз мемлекет тарихында айрықша орын алып, қоғамдық-саяси жүйенің тұрақтылығы мен даму бағдарын айқындап берді. Осы мереке қарсаңында 20 тамыз күні Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы өңір тұрғындарын құттықтау челленджін бастады және аталмыш челленджді Степногорск қаласы кітапханалар жүйесіне жолдайды.