М. Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының оқырмандарға қызмет көрсету бөлімі әлеуметтік желі қолданушыларына «Азат елдің ар-намысы – Ата Заң» ақпараттық көрме және таймлапс дайындады, бұл іс-шара Қазақстан Республикасының Конституциясына 30 жыл толуына арналған. Қазақстан Республикасының Конституциясы – еліміздің негізгі заңы. Бұл заң – біздің мемлекетіміздің тірегі, барша азаматтардың ұстанатын ережелері мен нормаларын айқындайды. Мемлекеттік биліктің жалғыз қайнар көзі – халық.