21 тамыз күні Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасына Ақмола облысы Әділет департаментінің қызметкерлері келді. Олар үшін кітапхананың бөлімдері бойынша мазмұнды экскурсия өткізілді. Сондай-ақ, оларға Абай Құнанбаевтың шығармашылығы мен қазақстандық әдебиеттің 100 кітабы таныстырылды. Әсіресе Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына ерекше көңіл бөлінді. Әділет департаментінің қызметкерлеріне осы тақырып бойынша қызықты әрі танымдық ақпарат ұсынылды, сондай-ақ мемлекетіміздің негізгі заңының мерейтойына орай дайындалған Балалар көркемсурет мектебі оқушыларының картиналар көрмесімен таныстырылды.