Рэй Брэдбери

Рэй Брэдбери – танымал американдық жазушы, ғылыми фантастика жанрының тарланы және классигі. Белгілі әдебиетшінің туғанына бүгін тура 105 жыл толып отыр.

Брэдбери алғаш рет 12 жасында әдебиетте өз бағын сынап көріп, 16 жасқа толар кезде газетте бірінші жұмысы саналатын өлең жолдары жарияланды. Бірнеше жылдан кейін жазушыға нағыз табыс әкелген «Марсианские хроники» романы жарық көреді. Ал дүниежүзілік атақты 1953 жылы шыққан «451 градус по Фаренгейту» антиутопиялық романы әкелді.

Рэй Брэдбери талай әдеби марапаттардың лауреаті, оның жұмыстары бірқатар фильмдерге, театр қойылымдарына негіз болды. Тек романдар ғана емес, сондай-ақ, ондаған пьесалар, бірқатар мақалалар, жазбалар мен өлеңдер, жүздеген әңгімелер авторы саналады.

Шетел тілдеріндегі әдебиеттер бөлімі қаламгердің 105 жылдығына арналған «Ғажайып фантастика әлемі. Удивительный мир фантастики. The amazing world of fiction» атты медиавояжды оқырмандар назарына ұсынады.