25 тамыз күні Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы жас оқырмандары үшін «Ата заң тарих беттерінде» атты пікір алмасу алаңын өткізді. Оқырмандарға Ата заңның қабылдану тарихы, басты баптары мен маңыздылығы туралы ақпарат берілді. Қатысушылар өз ойларын ортаға салып, еліміздің заңдары мен құқықтық нормалары жайында пікір алмасты.