25 тамыз күні шетел тілдеріндегі әдебиеттер бөлімінде Қазақстан Республикасының Конституциясының 30 жылдығына арналған «Конституция – келешек кепілі! Конституция – залог будущего! Constitution Day of Kazakhstan» атты тарихқа саяхат кітап-көрмесі дайындалды.
Тура 30 жыл бұрын 30 тамыз күні жалпыхалықтық референдумде Қазақстанның ата заңы қабылданды. Конституция – кез-келген мемлекеттің ең негізгі заңы. Тәуелсіз Қазақстанның алғашқы ата заңы 1993 жылы қабылданған болатын, ал екі жылдан соң қазіргі Конституция өз күшіне енді. Осындай айтулы мерекенің ел тарихында алатын орны бөлек.
Еліміздің ең маңызды әрі басты құжаты туралы ақпарат беретін әдебиет оқырмандардың назарына ұсынылады!