Ата Заң — елдің тірегі

27 тамыз күні Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы 5510 әскери бөлімінде Отан алдындағы борышын өтеп жүрген сарбаздармен «Ата Заң — елдің тірегі» атты дөңгелек үстел өткізді.

Іс-шара барысында Қазақстан Республикасының Ата Заңының даму тарихы, оның кең ауқымды қолданылуы, бүгінгі таңда Конституцияның мәні мен маңызы, заң мен тәртіптің сақталуы жайында талқыланып, түсіндірілді.

Сонымен қатар, кітапханамыздың қызметкері — Ескендірова Зейінгүл Бақытбекқызы Ата Заңға арналған кітап көрмесін таныстырды.