28 тамыз күні Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы «Белсенді ұзақ өмір сүру» орталығында «Ата Заң — елдің негізі» атты құқықтық кеш өткізді.
Бұл іс-шарада Ата Заңымыздың қалыптасу кезеңі, даму тарихы, қазіргі қолданысы, қоғамдағы заң мен тәртіптің орындалуы жайлы сөз қозғалды. Болашақ ұрпақтың бойына құқықтық тәрбие мен темірдей тәртіпті сіңіру мәселелері талқыланды. «Тәртіпке бағынған құл болмайды» дейді Бауыржан Момышұлы. Ардагерлер бүгінгі ұрпақ тәрбиесіндегі өз рөлдері туралы, заң талаптарын балалары мен немерелеріне қалай түсіндіретіндері жайлы нақты ақпараттармен бөлісті.
Сонымен қатар, кітапхана қызметкерлері дайындаған заң тақырыбындағы кітап көрмесі көпшілік назарына ұсынылды. Іс-шара барысында «Белсенді ұзақ өмір сүру» орталығының қазыналы қарттары патриоттық әндер шырқады.