2 қыркүйек күні Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы «Даналықтың бәрі кітапта» атты ашық есік күнінде кітапхана қабырғасында Көкшетау қаласында орналасқан 5510 әскери бөлімінің жас сарбаздарын қабылдады. Қонақтар үшін кітапхана ішінде экскурсия ұйымдастырылып, бөлімдер таныстырылды. Сарбаздар кітапханаға жазылып, казармада оқуға болатын қызықты кітаптарды таңдап алды.