«Кітапханаға кітап сыйла» акция

М.Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының оқырмандарға қызмет көрсету бөлімі 2 қыркүйек күні әлеуметтік желі қолданушыларына Білім күніне арнап «Кітапханаға кітап сыйла» акциясын дайындады. Акция тұрғындарды кітап пен оқуды дәріптеу жолында ортақ іске жұмылдырды. Білім күніне ең жақсы сыйлық – кітап!