Жұбан Молдағалиев

Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының оқырмандарға қызмет көрсету бөлімі әлеуметтік желі қолданушыларына қазақ ақыны Жұбан Молдағалиевтің туғанына 105 жыл толуына орай «Мен қазақпын, мың өліп, мың тірілген» атты ақпараттық таймлапс ұсынады. Жұбан Молдағалиев – ХХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ совет әдебиетінің, қазақ поэзиясының көрнекті өкілдерінің бірі, қазақ әдебиетінің дамуына қомақты үлесін қосқан әдебиет ісінің ұйымдастырушысы, ірі эпик ақын. Ж.Молдағалиевтің ақындық даңқын көтеріп, оның есімін әдебиет әлеміне енгізген шығармасы – «Мен қазақпын» поэмасы. Бұл поэмада ақын қазақ халқының өткен өмірі мен тағдыры жайлы лирикалық-публицистикалық стильде толғана жырлады. Қазақ халқының ұлттық ерекшеліктерін ашуда, оның ерлік дәстүрі, туған жер мен ел, оның байлығы, адамдары жайлы асқақтата көркемдеп жырлай білді.