5 қыркүйек, яғни Қазақстан халқы тілдері күні аясында Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Тіл реформаторы — Ахмет Байтұрсынұлы» атты дөңгелек үстел өткізілді.
Ахмет Байтұрсынұлы — қазақ халқының ХХ ғасыр басындағы ең көрнекті ұлт зиялыларының бірі. Ол — ғалым, ағартушы, ақын, тілтанушы, аудармашы, әдебиет зерттеушісі және саяси қайраткер ретінде қазақ халқының рухани жаңғыруына өлшеусіз үлес қосты. Оның еңбектері ұлттық тіл мен мәдениетті сақтау, білім беру, халықты ояту мақсатында жазылған болатын.
Осы маңызды іс-шараға Көкшетау қалалық №12 мектептің ұстаздары мен оқушылары қатысты.
Бүгінгі «Тіл реформаторы — Ахмет Байтұрсынұлы» атты дөңгелек үстелдің тізгінін ақын Оралбек Нүрүш ұстады. Арнайы қонақ ретінде Әдебиет және өнер музейінің ғылыми қызметкері, ақын Мұхамет Тілеубай сөз сөйлеп, тіл және Ахмет Байтұрсынұлы жайлы маңызды ақпараттармен бөлісті.