Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасының оқырмандарға қызмет көрсету бөлімі әлеуметтік желі қолданушылары үшін Тілдер онкүндігіне арналған «Тіл – тірегім, соғып тұрған жүрегім» атты ақпараттық көрме мен таймлапс дайындады. Көрмеде республикамыздың аумағында дамып жатқан және әрекет ететін тілдер туралы қызықты материалдар ұсынылған. Тіл – жаңа әлемге ашатын терезе, достықтың арашасы. Ана тілі – халықтың рухани өмірінің кілті, мәдениетінің, өнерінің деңгейінің көрсеткіші, оның тамырымызды сақтайтынын ұмытпауымыз керек.