10 қыркүйек күні Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының жас кітапханашылары “Серпін 2025” жас кітапханашылар форумы аясында панельдік сессияның екінші бөлімінде кітапханада өтетін іс-шаралар, креативті идеялар, жаңа жобалар бойынша өзара тәжірбие алмасу алаңына қатысты. Жас кітапханашыларымыз өздерінің жергілікті жерде іске асырылып жатқан “Жақсылық шуағы” және ” Жастар мен сән” жобаларын таныстырды. Жас ақынымыз Рамазан Бауыржанұлы Қожа Ахмет Ясауидің поэзиясына тоқталып кетті. Мағжан жастары осы форумда өздерін белсенді көрсетті. Форум қатысушылары сертификаттармен марапатталды.