Отбасы күніне орай

11 қыркүйек күні Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының өнер әдебиеттері бөлімі Отбасы күніне орай Балалар көркемсурет мектебі оқушыларының «Аналарға тағзым» сурет көрмесін ұйымдастырды. Барлығы 130-ден астам кітапхана оқырмандары, жоғары, орта білім беретін оқу орындарының студенттері, мектеп оқушылары жас қылқалам шеберлерінің қиялы мен арманынан туындаған әсем картиналарды тамашалады.