Тарихқа сапар: Қалмұқан Исабаевтың тарихи шығармалары

Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасының оқырмандарға қызмет көрсету бөлімі әлеуметтік желі қолданушылары үшін Қалмұқан Исабаевтың 100 жылдығына орай «Тарихқа сапар: Қалмұқан Исабаевтың тарихи шығармалары» ақпарат -тайм дайындады.
Қалмұқан Исабай – қазақтың белгілі қаламгері, майдангер. Оның шығармалары әдебиетіміздің алтын қорына қосылған қазыналар санатында. Қырыққа жуық кітап жазған қаламгер ескі дүниеге қарсы күрескен қарапайым қазақ әйелі Айқыз Көшімбаева, Екібастұз көмірін ашқан халық геологы Қосым Пішенбаев, әділдігімен аты шыққан Шоң би Едігеұлы есімдерін тарихта қалдырған.