12 қыркүйек – Қазақ киносының күн

2005 жылы Қазақстан кинематографистері одағының басшысы болған Бауыржан Нөгербеков 12 қыркүйекті «Қазақ киносының күні» деп атауды ұсынды.
Алматы киностудиясы 1941 жылы Қазақ КСР Халық комиссарлары кеңесінің қаулысымен құрылған еді. Кейін 1960 жылы атауы «Қазақфильм» киностудиясы деп өзгертіліп, 1984 жылы оған қазақ кинематографиясының кемеңгер қайраткері Шәкен Аймановтың есімі берілді.