Агата Кристи

АГАТА КРИСТИ – бүкіл әлемге белгілі ағылшын жазушы, детектив жанрының ең танымал тарландарының бірі. Есімі баршаға таныс қалам иесінің туғанына бүгін 135 жыл толып отыр.
Агата Кристидің кітаптары адамзат тарихындағы ең көп аударылған және ең көп жариялымға шыққан әдеби туындылардың қатарында. Өзінің шығармашылық жолында 60-тан астам детективтік роман, 6 психологиялық роман және 19 әңгімелер жинағын жарыққа шығарды. Жазушының шығармалары 4 миллиардтан астам данамен басылып, әлемнің 100-ден астам тіліне аударылған. «Загадочное происшествие в Стайлзе» – қаламгердің ең бірінші жұмысы, және әдеби маңсабының бастамасы саналатын детективтік туынды.
Шетел тілдеріндегі әдебиеттер бөлімі қаламгердің 135 жылдығына арналған «Әлемге әйгілі детективтік роман жазушысы. Королева детектива. The Queen of the Detective» атты медиавояжды оқырмандар назарына ұсынады.