ТАҒАЙЫНДАУ

Ақмола облысы Қосшы қаласының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің басшысы А Конбайдың 2025 жылғы 10 қыркүйектегі №01-11/79 бұйрығымен Майгул Харигазы Қосшы қаласы орталықтандырылған кітапхана жүйесінің директоры лауазымына тағайындалды.
Жалпы мәлімет, білімі: Майгул Харигазы 1983 жылы 16 сәуірде дүниеге келді.
2001-2006 ж.ж. -Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, қазақ тілі және әдебиеті факультеті.
2014-2016 жж.- Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, филология магистрі.
Еңбек жолы: 2006-2010 жж. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті тарих-филология факультетінің журналистика кафедрасының жоғары білікті лаборанты
2008-2010 жж. «Ел»қоғамдық газетінің корректоры
2010-2013 жж. «Зерде» тілдерді дамыту жөніндегі инновациялық орталығы» ЖШС штаттан тыс оқытушысы
2020-2022 жж. «Егемен Қазақстан» республикалық газетінің корректоры
2023-2025 жж. «Jana Bastau» әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық, саяси газетінің корректоры
Майгүл Харигазықызы, жаңа қызметке тағайындалуыңызбен құттықтаймыз! Қосшы қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесін қала тұрғындары мен қонақтары үшін заманауи ақпараттық-мәдени кеңістік ретінде дамыту жолындағы қызметіңізге табыс тілейміз!