Жұмекен Нәжімеденов

16 қыркүйек күні Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының өнер әдебиеттері бөлімі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимннің авторы Жұмекен Нәжімеденовтың 90 жылдық мерейтойына орай «Қоңыр жырым бар еді…» ақпарат time ұйымдастырды.
Биыл қазақ әдебиетінің классигі, ақын, жауһар жазушы, керемет күйші, еліміздің әнұранының авторларларының бірі, Қазақстан Жастар одағы сыйлығының лауреаты Жұмекен Сабыржанұлы Нәжімеденовтің 90 жылдық мерейтойы атап өтіледі. Ақын «Нарату», «Қайғылы қара», «Баламайсан», «Ақшолпан» күйлерін асқан шеберлікпен орындайтын. Әсіресе Дәулеткерейдің «Ақжелең», Аңшылық», «Қосішек», «Топан» күйлерін және Тәттімбеттің «Сылқылдағы» мен «Сарыжайлауын» қалың жұртшылық тыңдай бергісі келетін. Ж. Нәжімеданов артына бес томдық жыр және дастандар жинағын, үш романын, көптеген хикаяттар мен әңгімелерін, аудармаларын қалдырған.
Атап айтсақ «Балауса», «Сыбызғы сыры», «Өз көзіммен», «Жарық пен жылу» , «Күй кітабы», «Мезгіл әуендері», т.б кітаптарын шығарылды.
2006 жылы Алматыдағы «Білім» баспасынан «Әдеби мемуарлар» сериясымен «Жұмекеннің жүрегі» деп аталатын Жұмекен Нәжімеденов туралы естеліктер жинағы шыққан. Саида Жұмекенқызы Нәжімеденова құрастырған бұл кітапқа ақын жайлы естеліктер, арнау өлеңдер мен мақалалар енген.