Тілдер подиумы

Қазіргі уақытта Қазақстан жастары арасында этникалық мотивтері бар киімдер мен аксессуарлар үлкен танымалдылыққа ие болуда.
16 қыркүйек күні Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының өнер әдебиеттері бөлімі «Жастар және сән» жобасы аясында Көкшетау қаласындағы «Ақай» сән үйінің директоры, дизайнер, кәсіпкер Ғалия Алдабергенованың қатысуымен «Тілдер подиумы» тақырыбында ұлттық киімнің заманауи стилі, киімдерге принт салу техникасы туралы сұхбатын ұсынады. Ғалия Серікқызы ұлттық киімді дамыту жөніндегі жұмыс жастардың тәрбиесіне оң әсерін тигізетінін атап өтті.