Міржақып Дулатовтың туғанына 140 жылна орай

17 қыркүйек күні Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы қазақ халқының ардақты ұлы, Алаш қайраткері, ақын, жазушы, публицист, ағартушы Міржақып Дулатовтың туғанына 140 жылна орай, «Мірдің оғындай Міржақып» атты әдеби кеш өткізді.
Кештің басты мақсаты – Міржақып Дулатовтың өмірі мен шығармашылығын кеңінен насихаттау, оның тарихи рөлін жас ұрпаққа терең таныту, ұлттық рухты, елжандылық пен отансүйгіштікті дәріптеу.
Міржақып Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметінің белсенді мүшесі ретінде қазақ халқының саяси, мәдени және рухани тәуелсіздігі жолында аянбай еңбек етті. Кеңестік жүйенің қуғын-сүргініне ұшырап, 1935 жылы Соловки түрмесінде қаза тапты.
Оның артына қалдырған әдеби, публицистикалық және қоғамдық мұрасы – бүгінгі ұрпақ үшін мәңгілік рухани байлық.
Кештің арнайы қонағы – ұстаз, әдебиетші, Қуаныш Қожабайұлы Міржақып Дулатовтың өмірі, шығармашылық жолы, Алаш қозғалысындағы тарихи туралы тағылымды ой орамын студенттер жастармен бөлісті.
Кеш аясында Шоқан Уәлиханов атындағы университеті мен Бурабай жоғары колледжінің студенттері түрлі деңгейде сұрақ қойып, Міржақып өлеңдерін жатқа оқыды.