19 кыркүйекте Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы жас ұрпаққа Жұмекен Нәжімеденовтің әдеби мұрасын насихаттау мақсатында республикалық «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында «Жұмекен Нәжімеденов: Сөз өнерінің сұңғыласы» атты әдеби биеннале ұйымдастырды. Осы орайда, кітапхана қызметкері Рамазан Бауыржанұлы ақынның «Қоңыр түс» өлеңін оқыды. Жұмекен Нәжімеденов – қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, оның лирикалық шығармалары әрбір қазақстандықтың жүрегіне жақын. Әр қазақтың жадында Жұмекенің жыры жатталып жүру керек. Біз Жұмекенді тану арқылы өзімізді танимыз