19 қыркүйек күні Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы «Бурабай» колледжінің студенттері үшін белгілі ақын Асқар Тоқмағамбетовтың 120 жылдығына орай «Әдебиеттің Асқар тауы» атты ақпараттық сағат өткізді.
Іс-шараның мақсаты бүгін нақты туған күніне орай ақынның өмірі мен шығармашылығын кеңінен насихаттау, қордағы бар кітаптарымен таныстыру.
Асқар Тоқмағамбетов 19 қыркүйек 1905 жылы Қызылорда облысы, Тереңөзек ауданы (қазіргі Сырдария ауданы), бұрынғы 18-партия съезді атындағы кеңшарында дүниеге келген. 1925 жылы “Ленин суретіне” атты өлеңі тұңғыш рет “Еңбекші қазақ” (казіргі “Егемен Қазақстан”) газетінде жарияланды. Алғашқы өлеңдер жинағы 1928 жылы “Еңбек жыры” деген атпен жарық көрді.