«Қалдырған әнім аманат» дөңгелек үстел

24 қыркүйек күні Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасымен Ақмола облыстық Үкіл Ыбырай атындағы филорманиясы бірлесіп, «Қалдырған әнім аманат» атты дөңгелек үстел өткізді.
Қазақстан еңбек сіңірген әртісі Ғалым Мұхамедин Үкілі Ыбырайдың әндерінің тарихынан сыр шертетін толымды ойымен бөлісті және де бұрын айтылмаған тың деректерді өзек етіп, тағылымды әңгіме өрбітті. Сонымен қатар, профессор, өнертану кандитаны Айгүл Байбек Үкілі Ыбырайдың ән мәтінің кеңісті, сөз қолданысы, Ыбырайдың жыраулар позиясы және қара өлең ұйықасымен әннің сөзін жазуы туралы айтты. Ән мәтінінің тарихына байланысты ғылыми негізінде сүбелі сөз сөйледі. Айта кетейік, Айгүл Байбек өзінің жазған ғылыми еңбектерін кітапханаға табыстады. Дөңгелек үстел барысында басқа да, қадірлі қонақтар сөз алып, Үкілі Ыбырай жайлы кеңінен толғады.